АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН БАДМИНТОН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
3 қазанда Астана қаласында Қазақстан бадминтон федерациясының жыл сайынғы конференциясы өтті. Жиынға Федерация президенті, вице-президенттері, өңірлік филиалдардың басшылары мен жаттықтырушылар қатысты.
Конференция барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, бадминтонды елімізде одан әрі дамытуға бағытталған басым міндеттер мен алдағы кезеңнің мақсаттары айқындалды.
Бүгінгі нәтижелер — ортақ еңбектің жемісі:
Қазақстанның 20 өңірінде бадминтон дамып келеді;
Спортпен қамтылған адамдар саны 60 000-нан асты;
Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер бадминтонын дамытуға ерекше назар аударылуда.
Конференция барысында Байжанов Ұлан Сапарұлы Қазақстан бадминтон федерациясының құрметті президенті болып сайланды.
Бұл шешім — бадминтонды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаудың және спорт саласындағы еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі.
Алдағы уақытта Федерация өңірлердегі бадминтонның ауқымын кеңейту, жаттықтырушылардың кәсіби деңгейін арттыру, білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты нығайту және спортқа тартылатын азаматтардың санын көбейту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Бір мақсат. Бір команда. Қазақстандық бадминтонның жарқын болашағы!

