rukz
8 (7112) 98-10-53Орал қаласы, ст. Нұрписова Д., 15/1

Федоровка ЖОББМ бадминтон үйірмесі ашылды!!!

Бүгін, 2026 жылдың 4 қараша күні Теректі ауылының "Теректі" спорт кешенінде Федоровка ЖОББМ базасында өткізілетін бадминтон үйірмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Салтанатты шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Сагингереев Темірболат Мұхитұлы, спорт ардагері Нургалиев Серік Оспанұлы, "Батыс Қазақстан облысының бадминтон федерациясы" ҚБ вице-президенті Швечков Сергей Анатольевич және де аудан орталығының мекеме басшылары қатысты.
"Батыс Қазақстан облысының бадминтон федерациясының" вице-президенті С.А. Швечков құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына бадминтонға қажетті құрал-жабдықтарды табыстап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Алдағы уақытта бадминтон үйірмесіне аталған мектептің 2-4сыныбының оқушылары қатысатын болады. Үйірме жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Орынғалиев Нұртілеу Рамазанұлы.
Шара барысында федерацияның спортшылары мен жаттықтырушылары оқушыларға шеберлік сыныбын көрсетіп, бадминтон ойынының ережелерімен таныстырды. Балалар алғашқы ойындарын қуана керемет әсерде өткізді. Болашақта осы спорт түрін ауданымызда дамытып, оқушыларымыздың арасынан Әлем, Азия, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері шығады деп сенім білдіреміз!