9 қазанда Орал қаласындағы бадминтон орталығында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Оған БҚО мектептерінен 50-ге жуық педагог қатысты.
Бадминтон федерациясы үшінші рет ұйымдастырған курста мұғалімдер ойын ережелерімен танысып, ракетка ұстау, допты беру және негізгі соққы жасау тәсілдерін меңгерді.
— Мақсатымыз — мұғалімдерге бадминтонды оқушыларға үйретуге қажетті дағдыларды қалыптастыру, — деді жаттықтырушы Андрей Клемец.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Енді олар мектептерде бадминтон үйірмелерін ашып, спорттың осы түрін дамытуға үлес қоса алады.