rukz
8 (7112) 98-10-53Орал қаласы, ст. Нұрписова Д., 15/1

БҚО 50-ден астам дене шынықтыру мұғалімі бадминтон бойынша семинарға қатысты.

БҚО мұғалімдері «Время волана» бағдарламасы аясында бадминтон негіздерін меңгерді

30 қазанда Орал қаласындағы бадминтон орталығында «Время волана» бағдарламасы аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Оған БҚО мектептерінен 50-ге жуық педагог қатысты.

Бадминтон федерациясы үшінші рет ұйымдастырған курста мұғалімдер ойын ережелерімен танысып, ракетка ұстау, воланды беру және негізгі соққы жасау тәсілдерін меңгерді.

— Мақсатымыз — мұғалімдерге бадминтонды оқушыларға үйретуге қажетті дағдыларды қалыптастыру, — деді жаттықтырушы Андрей Клемец.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Енді олар «Время волана» бағдарламасы аясында мектептерде бадминтон үйірмелерін ашып, спорттың осы түрін дамытуға үлес қоса алады.