rukz
8 (7112) 98-10-53Орал қаласы, ст. Нұрписова Д., 15/1

Қазақстанның бадминтоннан ұлттық құрамасы Азия ойындарына қатысу үшін Жапонияға келді.

Бадминтоннан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы Aichi–Nagoya 2026 XX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Жапонияға келді.

Ұлттық құрама сапында Батыс Қазақстан облысының өкілі Наргиза Рахметуллаева өнер көрсетеді.

Құрлықтың басты спорттық додасы Нагоя қаласында өтеді. Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі 19 қыркүйекте, ал бадминтон жарыстары 20–29 қыркүйек аралығында өтеді.

Наргизаға және Қазақстан құрамасына сәтті өнер көрсетіп, жарқын жеңістер мен жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектеспіз!